РУС     ENG     ҚАЗ  
КУРЬЕРЛІК ЖЕДЕЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
RSS
 
 
САНАҚ
АИС ақпараты бойынша 2007 жылы Direct Delivery 35% атқарылған жұмыс бөлiгiмен республика iшiнде алдынғы қатарда болды.
 
  
Біз туралы / Компания туралы /

Direct Delivery компаниясы 2000 жылдан бастап, шабармандық, жүк тасу және аутосорсингтік қызметтер көрсету саласында қазақстан нарығында сәтті жұмыс істеп келеді.

Алматы қаласындағы кеңсе мен аздаған штаттан өзінің дамуын бастай отырып, қазіргі кезде Direct Delivery елеулі түрде өсті. Оған Қазақстан бойынша филиалдар мен өкілдіктер желісі кіреді, сондай-ақ құрамында 300-ден астам қызметкерлері бар, қазіргі заман талабына сай дербес автокөлік паркі мен техникалық құралдары бар.

Қарқынды түрде дами отырып, біздің Компаниямыз бірнеше маңызды бағыттарға: кадрлар әлуетін дамытуға, алуан түрлі мөлшердегі қызметтер ұсынуға, қызмет көрсету желілерін кеңейтуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге елеулі түрде көмектесетін заманауи IT технологияларды бизнесті қолдануға бағдарланады.

Хаттар мен жүктерді жеткізу бойынша сервис және қызметтер көрсету кезінде бірегей мультимедиялық шешімдер, сондай-ақ жеке тәсілдер ұсына отырып, тұрақты Клиенттердің санын әр күн сайын арттыруға жағдай жасайды.

Компанияның тұрақтылығы, көп жылдық тәжірибесі, Клиенттер базасының өсуі - жас заманауи қазақстандық Direct Delivery шабармандық компаниясының дамуының және үдемелі күшеюінің маңызды дәлелі.


Баспа

Copyright © 2000 - 2011 "Direct Delivery", Дизайн: Сергей Зайцев, Сайт CMS Danneo 0.5.2 кұрылған