РУС     ENG     ҚАЗ  
КУРЬЕРЛІК ЖЕДЕЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
RSS
 
 
САНАҚ
АИС ақпараты бойынша 2007 жылы Direct Delivery 35% атқарылған жұмыс бөлiгiмен республика iшiнде алдынғы қатарда болды.
 
  
Тасымалдауға тыйым салынған заттар / Документтеу /
  • барлық түрдегі дәрімен атылатын қару және оған оқ-дәрілер, суық қарудың барлық түрлері, әскери жабдықтар;
  • есірткі, психотроптық, радиоактивті, жарылғыш, улы, тез тұтанатын және басқа қауіпті заттар;
  • шетелдік және қазақстандық валюта, басқа валюталық және басқа құндылықтар;
  • облигациялар, лотерея билеттері, жойылған бағалы қағаздар;
  • мемлекет мүддесіне, сондай-ақ азаматтар құқығына нұқсан келтіруі мүмкін баспа және аудио-бейне материалдар, басқа бейнелеу өнімдері;
  • жарқырауық тастар шикізаты, минералдар, тау жыныстары, топырақ, палеонтологиялық үлгілер, өңделмеген және өңделген күйдегі асыл тастар;
  • кез келген түрдегі және жағдайдағы құнды металдар, өңделмеген және өңделген күйдегі табиғи асыл тастар, інжу және одан жасалған бұйымдар;
  • флора және фауна өкілдері;
  • шығарылмаған фотосезімтал материалдар;
  • 100 жылдан астам уақыт бұрын жасалған мәдени құндылықтар (соның ішінде пошта маркалары және басқа филателия материалдары, баспа туындылары);
  • 50 жылдан астам уақыт бұрын жасалған бейнелеу, қолданбалы-сәндік және халықтық өнер туындылары, музыкалық аспаптар, баспа туындылары, пошта маркалары және басқа филателия материалдары, грампластинкалар, басқа қозғалатын заттар;
  • пошта маркалары және басқа филателия материалдары;
  • қандай да бір филателия шығарылымдарының жасалу жағынан алғанда құндылығы бар, мұрағат материалдары ретіндегі, каталогқа кіргізілмеген филателия материалдары (баспа жобалары, суретшілердің түпнұсқалары, сынақтар, үлгілер, сирек кездесетін түрлер және т.б.);
  • заманауи сувенирлік бұйымдары, 50 жылдан астап уақыт бұрын дайындалған сериялық және жаппай шығарылатын мәдени мақсаттағы заттар;
  • жазбаша хат-хабар жөнелтімдерінде келіссіз сипаттағы заттарды жіберуге тыйым салынады;
  • нотариалдық кеңселермен берілген құжаттардың және анықтамалардың көшірмесін қоспағанда барлық тектегі құжаттар (қазақстандық және шетелдік төлқұжаттар, әуебилеттері, жеке куәлік, еңбек кітапшалары, әскери билет және т.б.);
  • тұқым және егілетін материал және басқа өсімдік тектес карантин қойылған өнімдер;
  • азық-түлік өнімдері;
  • өзінің сипаты немесе буып-түйілуі бойынша пошта қызметкерлері үшін қауіп тудыруы, хат-хабарды бүлдіруі немесе кірлетуі мүмкін заттар;
  • балауса жемістер және көкөністер, өсімдіктер, кеппе өсімдіктер, тірі бунақденелілер жинағы.
  • биологиялық препараттар;
  • жіберілген еліне шеттен әкелуге тыйым салынған заттар (толығырақ ақпаратты Клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнен алуға болады);
  • тірі жануарлар, тұлып, ет, мүйіз, басқа бөліктері, сондай-ақ препараттар, бұйымдар және басқалар.

Баспа

Copyright © 2000 - 2011 "Direct Delivery", Дизайн: Сергей Зайцев, Сайт CMS Danneo 0.5.2 кұрылған